«Қазақ аруы» байқауына алғаш рет орыс қызы Виктория Петрова қатысады

«Биылғы «Қазақ аруы» байқауына павлодарлық Виктория Петрова да қатысады. Оның қазақша сөйлегені мен қазақтың салт-дәстүрлерін жатқа білуі бізді бей-жай қалдырған жоқ»,- деді продюсер.

Павлодарлық Виктория Петрова қазақ тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін жетік меңгерген. Ол осынысымен-ақ жобаның бас продюсері Баян Есентаева мен өзге де қазылар алқасын тәнті еткен.

Еске сала кетейік, Баян Есентаева «Қазақ аруы» байқауын 2011 жылдан бері өткізіп келеді. Бүгінге дейін байқау жеңімпаздары отандық әншілердің бейнебаяны мен сериалдарда бой көрсетіп жүр.