Конституциядан Елбасы жөніндегі пунктер алынды ғой. Қазір еліміздің заңдарын Ата заңға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр, — деді Ерлан Саиров.
Оның айтуынша, бұл жұмыстардың аясында «Тұңғыш президент-Елбасы» туралы заң қазір мәжілістің профильді комитеттерінде қаралып жатыр.
Жылдың аяғына дейін мәжілістің жалпы отырысына ҚР тұңғыш президент туралы заңның күшін жою мәселесі дауысқа қойылатын болады, — деді депутат.