Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деді Д.Легкий.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Дмитрий Максимовичті мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайлады.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл қазан айының соңында ҚР Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Легкийді Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.