Apple Park деп аталатын жаңа кампус Санта-Кларада орналасқан. Онда мың орындық Стив Джобс атындағы театр ашылады.
«Стив Apple Park болашақ ұрпақ үшін инновация орталығына айналғанын қалады. Қызмет кеңістігі мен көлік қоятын орын, барлығы да қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей етіп жасалған. Ол біздің команданы жігерлендіреді деп ойлаймын. Біз әлемдегі ең тиімділігі жоғары ғимарттардың бірін салдық: кампус тек қайта жаңартылатын энергия көздері арқылы жұмыс істейтін болады», деді Apple компаниясының басшысы Тим Кук.
Штаб-пәтер мен театрдан басқа кампуста Apple Store дүкені, дәмхана, үлкен фитнес-орталық, зерттеу жасауға арналған жабық ғимараттар болады. Сонымен қатар көлік тұрақтарының маңында жеміс-жидектер отырғызылып, қызметкерлер үшін 3 км-ге созылған жүгіру жолдары салынады.