ТЖД мәліметінше, 8 қарашада (сейсенбіде) Алматыда қатты жауын шашын күтіледі.
Ауа райы күрт төмендеп, 5-7 градус болады және тауларда қатты жауын шашын, көбінесе қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Сонымен қатар батыс-оңтүстік жақтан соққан жел екпіні секундына 25 метрге дейін барады, — делінген хабарлмада.
Алматы ТЖД көліктерді ағаштардың астына, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді.
Есіңізде болсын, қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу қиындап, нәтижесінде жаяу жүргіншілердің қағып кетуі мүмкін, көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек. Абай болыңыз, жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т.б. алаңдамаңыз. Алматы төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпауды сұрайды. Қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы ескерту жарияланған жағдайда, таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс, — деп кеңес береді ТЖД өкілдері.