Басты бетЖаңалықтарҚаржы пирамидасына...

Қаржы пирамидасына алданған салымшыларға 123 миллион теңге қайтарылды

Агенттіктің Алматы бойынша департаменті B2B Jewelry зергерлік дүкендер желісінің атын жамылған қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастыруға қатысты соталды тергеуін аяқтаған.

Сот үкімі бойынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, ол 5 жыл мерзімге қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айырумен 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Ведомство мәліметінше, қылмыстың қалған сыбайластарына қатысты соталды іс жүргізу аяқталуға жақын.