Басты бет Жаңалықтар «Арселорға» тиесілі шахтадан тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

«Арселорға» тиесілі шахтадан тағы бір жұмысшының мәйіті табылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Қазақстан» шахтасынан қызметкердің денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Фото: shutterstock.com

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ер адамның денесі бүгін шахта аумағынан табылған.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасының аумағында көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін қызметкердің денесі табылды. Оқиға болған кезде жұмыскер қызметтік міндеттерін атқармаған, — деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары қайғылы жағдайдың мән-жайын тергеп жатыр.

Еске сала кетейік, 3 қарашада дәл осы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне тиесілі Ленин атындағы шахтада апат болды. Апаттан 5 кенші қаза болды.

Exit mobile version