Басты бет Жаңалықтар «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Naraione.org

Кейінгі ақпарат бойынша «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде қайтыс болғандардың саны 5 адамға жетті. Бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылды, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Апат салдарынан төрт жұмысшы қайтыс болды.

Мемлекет басшысы шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты.

Exit mobile version