Басты бетЖаңалықтарАлматы полициясы...

Алматы полициясы көше алаяқтары туралы ескерту жасады

Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасының мәліметінше, қаскөйлер қала тұрғындарының ақкөңілдігін пайдаланады.

Жігіт құрбанына жақындап, өзінің басына түскен қайғысы туралы хабарлайды. Бейтаныс адам өтіп бара жатқан адамнан карточкалық шотын пайдалануға рұқсат сұрайды, себебі оған ата-анасы қаражат жіберуі керек екен. Шындығында, аударымды жіберуші — қылмыстың серіктесі, ол жаңа ғана ұрланған басқа біреудің ұялы телефонынан сеніп қалған адамның есепшотына ақша аударады. Алаяқтың құрбаны ешнәрседен күдіктенбей, ақшаны шешіп, бейтаныс адамға береді, ол өзі де байқамай бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысушы болып шығады, — деді қалалық ПД анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.

Алматы полициясы өзіңізді және мүлкіңізді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша шаралар қабылдауды ұсынады:

  • қандай жағдай болмасын бейтаныс адамдарға сенбеңіз;
  • бейтаныс адамдарға карта шотыңызды қолдануға жол бермеңіз;
  • жеке деректеріңізді үшінші адамдарға айтпаңыз;
  • қырағы болыңыз және әркімге сене бермеңіз.