Президент Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Бейбіт Атамқұловты қабылдады.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі кеңейтіп, тату көршілік байланыстарды нығайту маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.
Президент Қазақстанның Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған Әлібек Бақаевты қабылдады.
Кездесуде Аустриямен және салалық халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастың қарқынын арттырып, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән беру қажет екені айтылды.