Басты бетЖаңалықтарҚызылқия ауылының...

Қызылқия ауылының тұрғындары арық суын ішіп отыр

Ауыл тұрғындарының айтуынша, ауылдағы ауыз су мәселесі өте күрделі.

«Газалкент» деген арық бар, жоғарыдан ағып келеді. Ауыл тұрғындары сол суды күнделікті ас-ауқатына пайдаланады. Ол ашық жатқандықтан мал да, адам да содан ішеді. Бізге арықтың суын ішпеңдер дейді. Одан басқа су болмаса біз не ішуіміз керек?»-дейді ауыл тұрғыны Асен Якубов.

Бұл туралы ауыл әкімі Омар Өтебаевбұл мәселені реттеу жалғыз әкімнің қолынан келмейтінін айтқан.

Ал Zaman.kz тілшісі А. Жайымбетовтың жазуынша, ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қазынадан қыруар қаржы бөлінген. Алайда, екі жылсыз бұл мәселе шешілмек емес.

«Қызылқия ауылдық округіндегі Қызылсеңгір, Тұғыртас елді мекендерінде 2014 – 2015-жылдары жерасты суы қорын анықтап, қорытындысы алынды. 2016-жылы облыстық бюджеттен 9 миллион 707 мың теңге қаражат бөлініп, жобалау жұмыстары жүргізілді. Құдай қаласа, осы 2017-жылы жұмыстар басталады»,-дейді «Таза су» МКК директоры Сейітқали Сапаралиев.

«Тек сметалық құжаттарын реттеу үшін 10 миллионға жуық ақшаның «басын жұтқан» мәселенің мәнісін арнайы мамандар болмаса, былайғы ел біле бермейді. Ауыл маңынан су шығару үшін жасалған жұмыстың нышаны білінбегендіктен мемлекеттің қазынасынан бөлінген қыруар қаржының қайда жұмсалғанын қайта тексеру керек сияқты» деп жазады Zamana.kz.

ДереккөзZamana.kz