Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады, — делінген хабарламада.
Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, бас прокуратураның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, қаржы мониторингі агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.