Жол ережесін бұзған алматылықтар мемлекетке 12 млрд теңге қарыз

Жол ережесін бұзған алматылықтар мемлекетке 12 млрд теңге берешек. Мұндай ақпаратты қалалық полиция жариялады.

Қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің мәліметінше, жыл бойы 332 мың 310 жол ережесін бұзу дерегі тіркелген.

291 мың жүргізушіге салынған айыппұл көлемі 2 млрд 513 мың теңгеге жетті.

«Көптеген жүргізушілер айыппұлды 30 күнтізбелік күнде төлемейді. Оны сот арқылы өндіруге мәжбүрміз. Өткен жылы сотқа 152 мың іс жіберіліп, 1 млрд 950 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді», – деді әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұраталиев.
Ал, автоматты бақылау жүйесіне түсіп қалған жүргізушілердің саны одан да артық. Бейнебақылау жүйесі 614 мың 880 ереже бұзу дерегін тіркеген.

Жүргізушілердің мемлекетке берешегі 10 млрд 914 млн теңге болды. Оның 4 млрд 689 млн теңгесі өтелсе, қалғаны мәжбүрлі төлеуге жіберілді.

Дереккөзstan.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады. Бұл туралы қалалық ұтқырлық басқармасы хабарлады.

Қазақстанның сегіз жоғары оқу орны әлемдік рейтингіге енді

Еліміздегі сегіз жоғарғы оқу орыны әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” 26-28 наурыз аралығында Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Елден жанармайды 20 литрлік канистрмен шығаруға тыйым салынды

2023 жылғы 20 қаңтарда Энергетика министрлігінің «Қазақстан аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы шыққан. Бұйрықта жанармайды елден 20 литрлік канистрмен шығаруға қатысты норма алынып тасталды.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен және Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Amanat тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі инфрақұрылым нысандарын тексереді

Amanat-тың атынан депутаттыққа кандидаттар және партия белсенділері су басқан үйлердің тұрғындарымен кездесіп, гуманитарлық көмек беру үшін Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына барды.