Басты бетЖаңалықтарМинистрлік бірқатар...

Министрлік бірқатар жатақханада жарықты беймезгіл өшіретінін растады

Бірқатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік медиа алаңдарында студенттік жатақханаларда белгілі бір уақыттан кейін электр қуатының өшірілетіні туралы ақпарат пайда болды. Жедел тексеруден кейін бірнеше университетте факті расталғанын атап өткен жөн, — делінген министрлік хамарламасында.

Ведомство жағдайды реттеу үшін жұмыс істеп жатыр және студенттердің құқығын одан әрі қорғауға ниетті екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бірқатар ақпарат құралдарында Алматы жатақханаларында түрлі себеппен жарықты сөндіріп тастайтыны жайлы ақпарат жарияланды. Осыған байланысты студенттер қараңғыда тамақ істеп, сабағына дайындалуға мәжбүр. Жарияланымда соның ішінде Satbayev University, Қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ-Британ техникалық университеті аталады.