Басты бетЖаңалықтарБас прокуратура:...

Бас прокуратура: Рақымшылыққа ілінгендер мемқызметте жұмыс істей алмайды

Қолданыстағы заңға сәйкес, мемлекттік қызметке және құқық қорғау қызметіне ондай адамдар жұмысқа алынбайды. Олардың соттылығы туралы анықтамасында «рақымшылық шарасы қолданылған» деген жазу тұрады, — деді Шындалиев.

Бас прокуордың орынбасары рақымшылыққа іліну мен ақталып шығу екі бөлек ұғым екенін айтты.

Рақымшылық жасаған адамдар ақталған деп саналмайды. Бұл ақтауға негіз болмайды. Сондықтан рақымшылыққа байланысты жазадан босатылған адамдар үшін заңнамада белгілі бір шектеулер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет және құқық қорғау қызметі туралы заңнамада рақымшылық жасау актісі қолданылған адамдар мемлекеттік қызметке, құқық қорғау қызметіне кіре алмайды деп көрсетілген. Бірақ бұл шектеулердің рақымшылыққа ілінгендердің туыстарына ешқандай қатысы жоқ, — деді Әсет Шындалиев.