Кейінгі ақпарат бойынша «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде қайтыс болғандардың саны 5 адамға жетті. Бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылды, — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде газ шықты. Апат салдарынан төрт жұмысшы қайтыс болды.
Мемлекет басшысы шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты.