Бұл ақпаратты төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
3 қарашада 03:00-де Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтада бұрғылау кезінде газ жарылып кеткенін растаймыз. Апат салдарынан 4 жұмысшы қаза болды, тағы бір жұмысшыны іздеу жалғасып жатыр, төртеуі ауруханаға жатқызылды, — деді Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, 106 жұмысшы эвакуацияланған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Тергеу нәтижелері бойынша оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталады.