Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда халықтың...

Қазақстанда халықтың 70% жуығы жұмыспен қамтылған

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бір жыл бұрын аталған көрсеткіш 100 мыңға кем болған (2020 жылы – 9,2 миллион адам). Экономиканың түрлі салаларында 8,8 миллион адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 4,2 миллион адам немесе 48,3% – әйелдер (2020 жылы – 48,2%).

Жұмыспен қамтылған халық құрылымының басым бөлігін жалдамалы жұмыскерлер құрайды – 6,7 миллион адам немесе жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,2%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар 2,1 миллион адам немесе 23,8%.

Бұл ретте, егер жалдамалы жұмыскерлер санында гендерлік теңдік байқалса (50,9% – ерлер, 49,1% – әйелдер), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасында әйелдермен 45,6% салыстырғанда ерлердің үлесі сәл жоғары – 54,4%, — делінген хабарламада.