Алматы әкімінің өкіміне сәйкес Ғани Әуезханұлы Мырзаханов Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы қызметінен босатылды, — деді қала әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске сала кетейік, Ғани Мырзаханов бұл лауазымға 2021 жылдың мамыр айында тағайындалған болатын.
Ол 2008 жылдан бері жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, 2016 жылдан бастап «Алматы тазалық» кәсіпорнының басшысы қызметтерін атқарған.