Басты бетЖаңалықтарБағдат Мусин...

Бағдат Мусин интернет жұмысындағы ақаулар туралы айтты

29 қыркүйекте мемлекеттік техникалық қызмет ҚР инфрақұрылымына толассыз шабуылдар тіркелгенін хабарлады. Оның не үшін және қайдан келгенін зерттеп, инфрақұрылымды қорғау деңгейін арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар бойынша кейбір проблемалар туындауы мүмкін. Бірақ мемлекеттік техникалық қызметтің басты міндеті – Қазақстанның барлық ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету, — деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, бұл тек мемлекеттік инфрақұрылымды қорғау үшін емес, тұтас инфрақұрылым үшін де жасалады.

Тіпті белгілі бір медианың сайттарына шабуылдар жасалды, бұл баршаңызға аян. Мұның алдын алу үшін біз ақпараттық қауіпсіздік деңгейін көтеруіміз керек. Зерттеу жұмыстары осы деңгейді арттыруға бағытталған. Оқыс оқиға болып, кедендік бақылау күшейгенде логистикалық маршруттардың өту жылдамдығы төмендейді ғой, бұл жерде де солай, — дейді министр.