Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында...

Жамбыл облысында көлік пен пойыз соқтығысып, 6 адам қайтыс болды

1 қарашада сағат 08:55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінен Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Көлік апаты салдарынан 6 адам қайтыс болды. Осы дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр, — деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.