Отырыста кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 миллиард теңгеге монополиялық табыс тапқан. Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Биыл қазан айында жекеменшік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ін мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірді.