Басты бетЖаңалықтарСеулдегі Хэллоуин:...

Сеулдегі Хэллоуин: Оңтүстік Корея билігі тергеуді бастады

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Дак Су 31 қазанда ел тарихындағы ең ауыр апаттардың бірі — Сеулде 150-ден аса адамның өмірін қиған Хэллоуиндегі оқиғаны мұқият тексеруге уәде берді. Оңтүстік Кореяда аза тұту аптасы басталды.

Ресми өкілдердің айтуынша, бір түнде қаза тапқандар саны 154-ке жеткен, 149-ы жараланып, 33-і ауыр жағдайда. Қаза тапқандар арасында кемінде жиырма елдің азаматтары бар.

Үкімет бұл қайғылы оқиғаның себептерін мұқият тексереді және мұндай жағдай қайталанбауы үшін қажетті институционал өзгерістерді енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Біз қаза тапқандардың отбасы пікіріне құлақ асып, қажетті қолдау көрсетуге бар күшімізді саламыз, — деді премьер-министр Хан Дак Су.

хеллоуин Сеул
Фото: © Yonhap via REUTERS

Ұлттық аза тұту мерзімін жариялап, Итхэвонды апат аймағы деп жариялаған президент Юн Сок Ель дүйсенбі күні Сеул қалалық әкімшілігі жанындағы мемориалдық алтарьға барып, құрбандарға тағзым етті.

Еске салайық, Сеулдегі Хэллоуин кезінде Ақтөбе облысында туған 1996 жылғы Қазақстан азаматы да қаза болған еді.