ОСК Дмитрий Легкийді мәжіліс депутаты ретінде тіркеді

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және Қазақстан халық партиясы бюросының 2022 жылғы 22 қазандағы № 279/02-30 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін.

2. Дмитрий Максимович Легкий Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Дмитрий Максимович Легкийге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.