Бұл туралы NDTV арнасы хабарлады.
Мачху бөгетінде орналасқан көпір 140 жыл бұрын салынған. Кейінгі екі жыл жабық болды. Бұған дейін жөндеу жұмыстары басталып, биыл 26 қазанда аяқталған.
Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес, керме көпір құлағанда оның үстінде 500-ден астам адам тұрған. Балалар да көп болған. Барлығы жергілікті мейрамдарға арналғна дәстүрлі әдет-ғұрыпты жасауға жиналды. Апат кезінде 350-ден астам адам суға құлап кетті, 177-сі құтқарылды.
Төтенше жағдай жексенбі күні кешкі сағат 18:42-де болған. Құтқару операциясы басталды. Оған әскерилер, сонымен бірге теңіз флоты мен әуе күштері де тартылды, — делінген хабарламада.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Гуджарат және Раджастхан штаттарына үш күндік сапармен шыққан. Енді төтенше жағдайға байланысты бұқаралық шараларға қатыспайтын болды.