«Интернетте сенің ит екеніңді ешкім білмейді» — бұл 1993 жылы The New Yorker күнделігінде жарияланған Питер Штейнердің (Peter Steiner) танымал суреті. Туынды желідегі қарым-қатынастың бір көрінісін ашып береді: сіз интернетте кез келген кейіпке ене аласыз.
Әдетте біз өзгелермен бөлісерде фотомыздың ең үздігін таңдаймыз. Ол мейлі әдемі, яки «өзгелерге күлкілі» болып көрінуі үшін барынша өңдеп, әрлеуге тырысамыз. Кітапсүйгіш, экстермал, полиглот, пәлсапашы күйіне еніп кетеміз. Ал шындығында мұның өзгелерге, ең бастысы сізге пайдасы шамалы. Сіз өзіңізді жай ғана алдап жүруіңіз мүмкін.
Жоғарыда айтылған пікір бәріне бірдей ұғынықты. Алайда зерттеушілер жаңа көзқарасқа қол жеткізді.
Виртуалды өмір сіздің шынайылығыңызға әсер етпей қоймайды. Тұлғаның Фейсбук тәрізді әлеуметтік желілердегі парақшасы — оның өмірдегі шынайы бет-бейнесі.
Мысалы, жаттығу залында түсірілген саны көп селфилер ол адамның өз-өзіне ғашық екендігін анықтап береді.
Зерттеушілер тәжірибе жүргізіп көрді. Оған 18-ден 55 жасқа дейінгі еріктілер қатысып, екі тест тапсырады. Еріктілер алдымен шынайы «кейіптерімен» тестен өтеді, екіншісінде Фейсбуктегі «өзі» болып тапсырады. Фейсбукте адам барынша тез достасып, тез ренжуге бейім болады екен.
1997-жылдары, әлеметтік желілердің енді қанат жайып келе жатқан кезеңінде ғалымдар мынаған көз жеткізген: өз-өзін төмен бағалайтын адамдар жалақысы өскен уақытта жұмыстан шығып қалуға бейім болады екен. Өйткені бұл олардың ішкі жан дүниесімен үйлеспейтін өзгерістер.
Адамдар шынайы айтылған қошеметтен кейін жақсы энергияны көбірек алады. Тіпті жағымды пікір болмаса да ол одан өзін ыңғайлы сезінеді.
Әлеметтік желінің адамның тұлғалық қалыптасуына көп әсер ететіні анық. Әсіресе, ой, пікір бостандығы соңы неге алып келетіндігін ескеруге мұрша бермей жатады.
Аноним режимінде отырудың да өзіндік рөлі басым. «Сенің ит екеніңді ешкім білмегендіктен», кез келген жағымды баға оның «мерейін» асырып отырады. Бірақ ескеріңіз, желіні белсенді қолданушы — маркетологтардың, кәсіпкерлердің, түрлі саудагерлердің сұранысы.
Стэнфорд университетінің профессоры Михал Косински (Michal Kosinski) әлеуметтік желі адамды географиялық «түрмеден» құтқарады дейді. Шындығында да екі құрлықтың тұрғыны оңай хат-хабар алмаса алады.
Негізінде адамдардың көпшілігі өмірде қандай болса, желіде дәл сол қалпын сақтағысы келеді екен. Америка психологы Уильям Суонның (William Swann) зерттеуі бойынша, адам оптимист яки пессимист болуын өзі қалайды екен.