Басты бетЖаңалықтарӨңірлерде адам...

Өңірлерде адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдері тағайындалды

Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі уәкіл сайты хабарлады.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жұмысты бастағаны хабарланды. Сонымен қатар Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Жетісуда конкурстық іс-шаралар жалғасып жатыр.

Биыл Қазақстанның 17 өңірінде Уәкілдің өкілдігі жұмыс істейді. Тағы 3 өңірде (Ұлытау, Абай және Алматы облыстары) өкілдіктер 2023 жылы тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін ашылады деп жоспарланған. Өкілдер мемлекеттік қызметші болып табылады және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тағайындалды, — делінген хабарламада.