Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бес коммерциялық пойыздың жоғарғы және төменгі орындарына жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны жойды, — делінген хабарламада.
Еске салайық, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап кейбір коммерциялық пойыздардың төменгі орны 20% қымбаттайтынын мәлімдеген болатын. Компания билет бағасын осылай өзгерту арқылы орындарды біркелкі бөлу және жолаушылардың төменгі орындарға сұранысын қанағаттандыруға болатынын түсіндірді.