Басты бет Жаңалықтар Ақордаға Тәжікстан және Өзбекстан президенттері келді

Ақордаға Тәжікстан және Өзбекстан президенттері келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне арнайы келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды.

Фото: t.me/bort_01

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельді Ақорда резиденциясында қарсы алды, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық кеңес президентінің кездесуіне арнайы келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды.

Exit mobile version