Басты бет Жаңалықтар Өзбекстан президенті Астанаға келді

Өзбекстан президенті Астанаға келді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы республика басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Рresident.uz

Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев 27 қазанда «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы мемлекет басшыларының бірінші кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Астанаға аттанды. Іс-шараға ел басшылары мен Еуропалық кеңесінің президенті Чарльз Мишель қатысады, — делінген хабарламада.

Саммитте саяси диалогты дамыту перспективалары, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыру мәселелері талқыланатыны атап өтілді.

Exit mobile version