Бүгін ҚР парламенті «Рақымшылық туралы» заңды қабылдады.
Осы орайда бас прокуратура өкілі қаңтар оқиғасы кезінде 20 шақты адамның әрекеті жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы болып сараланғанын, олар рақымшылыққа ілінбейтінін атап өтті.
Қаңтар оқиғасында қылмыс жасағандардың басым бөлігі қатысушылар болып саналады. Олардың саны шамамен 700 адам. Олардың бәрі рақымшылыққа ілігеді, ал жаппайы тәртіпсіздік ұйымдастырған 20 адам рақымшылыққа ілінбейді, — деді бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.
Бас прокурордың орынбасары Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевтің ісі ұйымдастырушы ретінде қаралып жатқанын атап өтті.