Urker-2022 ұлттық сыйлығының финалистері анықталды

Байқау 13 номинация бойынша өткізіліп жатыр, оның ішінде медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті тұлғалардың құрметіне 3 арнайы сыйлық бар.

Журналистерден барлығы 544 жұмыс жолданған. Ең көп өтініш «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік сұхбаты», «Жылдың үздік аналитика материалы» және «Жылдың үздік репортажы» номинациялары бойынша түсті. Нәтижесінде, құрамына беделді журналистер, медиа-менеджерлер және халықаралық медиаэкперттер енген қазылар алқасы финалистерді анықтады.

Қысқа тізімге енген 52 номинант:

  • Жылдың үздік сұхбаты:

Мейірман Лес – Baribar.kz

Тұрсынбек Башаров – Massaget.kz

Ая Өміртай – Halyq-uni.kz

Жадра Жулмухаметова – BaigeNews.kz

  • Жылдың үздік репортажы:

Анар Қоныс – Aikyn.kz

Илья Астахов – Liter.kz

Дамира Аугамбаева – Orda.kz

Айнаш Хаметжанова – Tengrinews.kz

  • Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы:

Мұрат Аяғанов – Egemen Qazaqstan республикалық газеті

Гүлшат Сералы – «Астана ақшамы» газеті

Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz

Бахыт Сарсембаева – «Вечерний Алматы» газеті

  • Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Абзал Токанов – AIQYN республикалық газеті

Төрехан Данияров – «Алматы ақшамы» газеті

Аскар Машаев – «Курсив» газеті

Қазбек Құттымұратұлы — Egemen Qazaqstan республикалық газеті

  • Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті

Құралай Құдайберген – inbusiness.kz

Ділда Уәлибекова – Túrkistan халықаралық газеті

Айнура Аханова – Orda.kz

  • Халықаралық тақырыптағы үздік материалы:

Нұрлат Байгенже – «Астана ақшамы» газеті

Арман Октябров – Egemen Qazaqstan республикалық газеті

Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz

Сауле Исабаева – Qmonitor.kz

  • Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

BAQ.KZ

INBUSINESS.KZ

Zakon.kz

Express.kz

  • Радиостанциядағы үздік жоба:

«Кешкі Time» – ORDA FM

«Ой – түйін» – Qazaq radiosy

«Деловое утро» – Business FM

«Cover time» – ASTANA FM

  • Жылдың үздік фотосуреті:

Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz

Сәкен Ділдахмет – Nege.kz

Ернар Алмабек – Massaget.kz

Ольга Бугаева – Pavlodarnews.kz

  • Үздік өңірлік БАҚ:

Saryarqa samaly газеті

Astana aqshamy газеті

«Атырау» газеті

«Алматы ақшамы» газеті

  • Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия:

Динар Керім – Egemen Qazaqstan республикалық газеті

Алтынбек Құмырзақұлы – e-history.kz

Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz

Ирина Галушко – «Экспресс К» газеті

  • Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия:

Бағдагүл Шарғынова – Қазақ радиолары

Қымбат Слямбеков – Massaget.kz

«Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан» журналы

Наргиз Рахимжанкызы – «Вечерний Алматы» газеті

  • Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия:

Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті

Қайым-Мұнар Табеев – «Қазақ әдебиеті» газеті

Асылан Тілеген – «Ақ желкен» журналы

Ғалымжан Елшібай – Оinet.kz

Urker-2022 ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 28 қазан күні анықталып, марапатталады. Іс-шара Астанадағы «Қазмедиа» орталығында өтеді.

Жеңімпаздарға URKER естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.

Байқау ұйымдастырушылары — ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс – шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «агенттігі» АҚ.