Әкімдіктің мәліметінше, бірыңғай нөмір арқылы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.
Бірыңғай нөмір барлық ұялы байланыс операторларының абоненттері үшін қоңырау шалу тегін. Call-орталықтың жұмыс уақыты – демалыс күндерін қоса алғанда, күн сайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, — делінеді хабарламада.
Сонымен қатар әкімдікте Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауының сайты мен білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімінде өзін тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді екенін хабарлады.