Бурдж-Халифа Қазақстан Республикасының құрметіне жағылады. Халқына гүлдену және бейбітшілік тілейміз, — делінген Бурдж-Халифа ғимаратының Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, биыл маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін қайтаруды ұсынды. Мемлекет басшысы оған «ұлттық мейрам» мәртебесін беру қажет екенін мәлімдеді.
Мерекелер күнтізбесіне енген 25 қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. Дәл сол күні 1990 жылы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан құжат болатын.