Басты бетЖаңалықтарҚазгидромет: Еліміздің...

Қазгидромет: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні секундына 23 метр күтіледі.

Бүгін күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр жел соғады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, облыстың орталығында секундына 23 метр күтіледі.

26 қазанда күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында секундына 25 метрге дейін барады.

26 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады. Осы күні Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр, күндіз 15-20, екпіні секундына 23-28 метр болады, — делінген хабарламада.

Бүгін күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде де тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні секундына 23 метр күтіледі.

Осы күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігіне жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады.

26 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Түнде және таңертен таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 26-27 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр, 26 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 метр күтіледі, — делінген хабарламада.