Жиында еліміздің энергетикалық жүйесінің қазіргі жағдайы қарастырылды, сонымен қатар қысқы жылыту маусымына қатысты мәселелер көтерілді. Тақырып аясында энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.
Президент кеңес қорытындысы бойынша еліміздің энергетика жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, жаңа қуат өндіруші көздерді дамытуға бағытталған кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.