Басты бетЖаңалықтарАмерикалық сарапшылар...

Америкалық сарапшылар тұмаудың асқынатын уақыты жайлы ескерту жасады

АҚШ денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің мәліметі бойынша, бүкіл елде ауруханалар респираторлық аурулары бар кішкентай науқастарға толы, олар қазіргі уақытта шамамен 40 мың аурухана төсегінің 71%-н құрайды.

Род-Айленд штатындағы Хасбро ауруханасының балалар жұқпалы аурулары бөлімінің меңгерушісі, доктор Майкл Костер қыркүйектің ортасынан қазан айының ортасына дейін ЖРВИ асқынып, ауруханаға түскен жас пациенттердің саны екі есе артқанын айтты.

Біз 100 мильден астам қашықтықта орналасқан аудандардан келген пациенттерді қабылдаймыз, өйткені олардың жергілікті балалар ауруханасы толып немесе жабылып қалған», — деді М.Костер ABC News-ке.

Жергілікті сарапшылардың пайымдауынша, тұмаудың асқынуы ішінара COVID-19 шектеулерін жеңілдеткеннен туындауы мүмкін.

«Бізде коронавирус пандемиясымен күресудегі барлық күш-жігердің нәтижесінде тыныш уақыт болған. Яғни, бұрын жыл сайын өткеріп жүрген кейбір вирустар «оралып», қазір одан сайын күшейгенін көріп отырмыз», — деді Бостон балалар ауруханасының медициналық қызметкері Джон Браунштейн.

CDC мәліметтері бойынша, өткен аптада ғана 1674 науқас тұмаудың асқынуымен ауруханаға жатқызылды.