Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы жер ресурстарын басқару департаменті әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті аумағының жеке меншікке өтіп кеткен аймағына қатысты тексеріс жүргізді. Тексеру барысында Алматы әкімдігі қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұзып, ұлттық университет территориясының бір бөлігін заңсыз меншіктеуге жол бергеннін анықтады, — делінген хабарламада.
Алматының ауданаралық-экономикалық соты қаланың жер ресурстарын басқару департаменті мен «Omirex» ЖШС, «Atlas Development» ЖШС, ҚазҰУ өтінішін толық қарастырды. Арнайы қабылданған қаулыда сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қойылды.
ҚР жер кодексінің 43, 48-баптарының нормаларын бұзғаны дәлелденді. Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылғы 21 қазандағы шешімімен судья Д.С.Нұрбековтың төрағалығымен Алматы жер ресурстарын басқару департаментінің талап арызы толық қанағаттандырылып, сот қаулылар мен сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп таныды, — делінген Алматының жер ресурстарын басқару департаментінің хабарламасында.