2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 миллион 101,2 мың этникалық қазақ оралды, — делінген хабарламада.
Биыл Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (68,7%) Өзбекстаннан, 10% – ҚХР-дан, 7,9% – Түрікменстаннан, 4,6% – Моңғолиядан және 8,8% — басқа елдерден келген. Олар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%) және Жамбыл (6,5%) облыстарында, сондай-ақ Астана (7,8%), Шымкент (7,3%) және Алматы (5,8%) қалаларында қоныстанды.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың саны 58,9%, еңбекке қабілетті жастан кіші адамдар 27,5% және зейнеткерлер 13,7% құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі бойынша 13,2% — жоғары білімді, 38,9% — арнайы орта білімді, 46% — жалпы орта білімді және 1,8% — білімі жоқ, — деп нақтылады министрліктен.