Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты кімдер алды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1. Жайлыбай Ғалымға, ақын — «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер — «Жібек» мюзиклі үшін;
3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші — «Жүрегім, нені сезесің?» концерті үшін;
4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы — «Желқайық» романы үшін;
5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы — «Тағдыр толқыны» романы үшін;
6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші — «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;
7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор — «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.