Томирис пен Шыңғыс хан қазақ екен дегенде, менің ішім ашиды — Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысының салтанатты сессиясына қатысуда. Жиын кезінде ол болашақ қазақ азаматы қандай болуы керек деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Inform.kz.

«Томирис  пен Шыңғыс хан қазақ екен дегенде, менің ішім ашиды. Біздің басқа айтатын сөзіміз жоқ па? Басымызды артқа бұрып, алдыға қалай жүреміз? Алдыға қарайтын кез келді. Тони Блэрдің парламентте айтқан сөзі бар еді. «Ұлыбританияның ұлы тарихы бар. Бірақ біз мұражайларда өмір сүре алмаймыз, адамдарды компьютерге отырғызатын уақыт келді» деген. Сол сияқты біз де ойлануымыз керек. Сіздер, ғалымдардан, дуалы ауыздан шығатын сөз болуы керек. Сондықтан, жаңа жағдайда Қазақстанның болашақ ұрпағы қандай болуы керек деген сауал туындайтыны заңды. Біз тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсінде тұғырлы мемлекет құрған аға буынбыз, осы отырғанда. Бізге осы киелі жетістіктерімізді баянды ететін, біздің асқақ болмысымызды еселей түсетін зерек те, зияткер ұрпақ керек. Ол қандай ұрпақ? Ол — рухани әлемі бай, тәуелсіздіктің киесін пір тұтатын, діні мен мәдениетін қастерлейтін денсаулығы мықты, өресі биік азамат. Сол азаматты дайындауымыз керек. Озық технологиялар мен ғылымның білгірі атанған жаһандық деңгейдегі маман болып, әр жерде жұмыс істей алатын болуы керек. Ол үшін ана тілімен бірге ағылшын тілін игеру керек. Сонда ғана қазақтың азаматы дүниежүзілік бәсекеге қабілетті болады» , — деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін, 22 ақпан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратында ҚР Президенті, ҚР ҰҒА академигі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен академияның 70 жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналыстың салтанатты сессиясы өтті. Сессия жұмысына академиктер, шетелдік қонақтар, әр елдің ғылым академия президенттері және т.б. көптеген делегациялар қатысуда.

6 пікір

  1. Қазақ мемлекеті Н. Назарбаевтан басталады дегенге қосылу керек пе? Артқа қарап, алға жүрудің керегі жоқ. Бірақ өткен тарихты ұмытудың да керегі жоқ. Қазақ тарихы, қазіргі Қазақстан тарихынан алдын басталғанын мойындауымыз керек.

  2. «Басымызды артқа бұрып, алдыға қалай жүреміз? Алдыға қарайтын кез келді.» — депті,
    Алдыға деген қате емес пе? Алдыға… Алға немесе Алдымызға десе түсінікті болар еді…
    Өзімнің жеке ойым.

  3. Өткен тарихыңды білмей алға қарай жүру мүмкін емес . Өткен тарихы жоқ халықтың болашағы да жоқ. Ағылшындарды пір тұтпайық . Біз өз мəдениетіміз салт дəстүрі бар елміз

  4. Шыңғыс ханыңды бiлмейм ендi, Тұмар(Томирис) ханым Сақ немесе басқа Қазақтың арғы түпкi тайпасынан шыққаны анық!

  5. Оларды айтпағанда кімді айтамыз,кəзір отырған шенеуніктердіма?
    Онсызда орыстар тарихымызды бұзып еді,енді сендерге не жоқ?
    Қайтаға батыр бабаларымызды айтып ұрпақты отан сүйгіш қылып өсіру керек,қайдағы бір кампютерді үйретіп хакер қылмай.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version