Су бөгеттерінің тозуы мәселесін шешу бойынша да жұмыс жүріп жатыр. 2017 жылдың басында елде 41 апаттық су қоймасы болды. Кейінгі 5 жылда 16-сы жөнделді. Биыл тағы 6 құрылысжай қалпына келтіріледі. Ал 2025 жылға қарай қалған 19 су қоймасын қайта жаңарту жоспарланған. Бұл шамамен 800 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді, — деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Серікқали Брекешевтің айтуынша, қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін 2025 жылға дейін 1,7 текше шақырым жинақтау көлемі бар 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланған.
Оның ішінде былтыр Түркістан облысындағы «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы пайдалануға берілді. Қалғандары бойынша жобалық құжаттама әзірленіп жатыр, — деді министр.