Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Ержан Жексенғалиұлы Мырзабаев Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Ержан Мырзабаев 1969 жылы 12 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің құрылымында бастаған.
1995-1996 жж қорғаныс министрлігі бюджет және қаржы департаменті қаржы инспекциясының инспектор-ревизоры болып жұмыс істеді.
1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі экономика және қаржы департаментінің тексеру-бақылау басқармасы бастығының орынбасары – қаржы басқармасының бастығы, тексеру-бақылау басқармасының бастығы;
2000-2002 жылдары — Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігі бас қаржы инспекциясының бастығы;
2002-2006 жылдары — ҚР Республикалық ұланы бақылау-тексеру қызметінің бастығы, әскери-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары — қаржы-шаруашылық басқармасының бастығы;
2007 жылдан 2009 жылға дейін — бюджеттік жоспарлау және активтерді басқару департаментінің директоры, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы бойынша облыстық филиалының басқарушы директоры;
2009-2010 жылдары — «Самурық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қаржы және бухгалтерлік есеп департаментінің директоры;
Одан кейінгі жылдары қорғаныс министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдарында басшылық қызметтерде болды.