Басты бетЖаңалықтарПрезидент үкіметке...

Президент үкіметке газ құбырын тарту бойынша тапсырма берді

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір көгілдір отын облыс тұрғындарының 10% ғана қолжетімді. «Алматы — Талдықорған» магистральді газ құбыры салынып, облыс орталығына газ толық берілді. 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорған маңына дейін барлық елді мекенді газбен толық қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар «Талдықорған — Үшарал» бағытында газ құбырын тарту керек. Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ жеткізуге мүмкіндік береді. Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды тапсырамын, — деді президент.