Басты бетЖаңалықтарАлдағы күндері...

Алдағы күндері солтүстік өңірде қар жауады

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстікте, солтүстік-батыста жаңбырдың соңы қарға ұласады.

Тек, кезеңнің басында еліміздің оңтүстігінде, кезең бойы оңтүстік-шығыста антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі.

Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, 22 қазанда солтүстікте – көктайғақ, оңтүстіктің таулы аудандарында найзағай болуы мүмкін.