Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 22-32-18/22-2447-5 қбп тапсырмасын орындау мақсатында, онда 1 желтоқсан – тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастап, мемлекеттік рәміздер күні, алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекелеуді айқындау ұсынылады, — делінген қаулы жобасында.
Құжат Ашық НҚА сайтында 3 қарашаға дейін талқыланады.
Еске салайық, 7 қыркүйекте парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары тұңғыш резидент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасын мақұлдаған болатын.
Айта кетейік, бұған дейін 1 желтоқсан мемлекеттік мереке ретінде тойланып келді және осы күні қазақстандықтарға демалыс берілетін.