Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың құрметті азаматы, еңбек ардагері Александр Чжен қалаға Қонаевтың есімін бергені үшін президентке алғыс айтқан.
«Огни Алатау» газетінің бұрынғы журналисі, жазушы Владимир Таран президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қапшағай туралы өзі жазған «Солнечный город. Страницы истории» кітабын сыйға тартты.
Сонымен қатар ұлттық спортты дәріптеуші Тимур Сыпатаев «Қазақ елінің бірлігі, ынтымағы осы шегедей мықты болсын» деген тілекпен темірден түйін түйіп, президентке тарту етті.
Президент Алматы облысының орталығын Қонаев қаласына көшіру туралы шешімі өңірді өркендету үшін маңызды қадам болғанын атап өтіп, енді қала одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.