Ақтөбеден жаңа рейстер ашылады

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы бес жаңа бағыт ашады. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе — Пхукет бағыты бойынша жаңа рейс 19 қазанда, ал Дубайға — осы айдың 24-інен бастап ашылады. Оралға тікелей рейс 1 қарашада іске қосылады, жол жүру уақыты 1 сағат 10 минутты құрайды. Ташкент пен Самараға рейстер де осы қарашада іске қосылады.

Дубайға, Самараға және Оралға рейстер аптасына екі рет, Пхукет пен Ташкентке бір рет жасалады, қажет болған жағдайда рейстер саны артады.

Әуе айлағының маршруттық желісін кеңейту жұмыстары жалғасады. Осы жылдың соңына дейін маршруттық желіні ұлғайту жоспарланған.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз