Зеленский қол қойған тиісті жарлық Украина президенті кеңсесінің сайтында жарияланды.
Врублевский Петр Юрьевич Украинаның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылсын, — делінген жарлықта.
Петр Врублевский 1970 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университетінің халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Түрлі құқықтық және қаржылық құрылымдарда жұмыс істеген. 1997 жылдан дипломатиялық қызметте. Украинаның Индонезиядағы, Тайландтағы, Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеген. Сонымен қатар Украина президентінің хатшылығында және премьер-министрінің Кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған.
Қазақстандағы елші болып тағайындалғанға дейін Украинаның Беларусьтегі елшілігінің министр кеңесшісі қызметін атқарған.