Басты бетЖаңалықтарЕлімізде электрон...

Елімізде электрон темекі мен вейпке тыйым салу ұсынылды

Мұндай деректер денсаулық сақтау министрлігі ашық талқыға шығарған арнайы тұжырымдамада көрсетілген.

«Ашық НҚА» сайтында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының тұжырымдамасы берілген. Құжатта электрон темекі айналымына тыйым салу нормасы ұсынылған.

Қазақстанда вейптер бақылаусыз, барлық жерде қолжетімді бағамен, жасөспірімдер мен жастарға сатылып жатыр. Сондықтан елдегі өсу қарқыны жоғары.  Әрбір бөлшек сауда дүкенінде бір вейптің бағасы 2000 теңгеден аспайды, — делінген хабарламада.

Мәселен, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінде вейптерді сатуға, ашық көрсетуге, оларды 21 жасқа толмаған адамдарға сатуға тыйым салу туралы норма қарастырылған.

Жасөспірімдер мен балалар арасында вейптерді көп тұтынып, елде вейпинг індетіне шалдыққандар көп болғандықтан электрондық темекілерді таратуға, сатуғы тыйым салу туралы ережені енгізу ұсынылды, — делінген құжатта.